Петропавлдың 272 жылдығына орай демалыс күндері облыс орталығында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Мерекелік фестиваль мен түрлі жиындар, спорттық жарыспен жалғасын тапты. Биыл үшінші рет ұйымдастырылған триатлон чемпионатына қатысамын деушілер саны едәуір артқан. Спорттық додада барлығы 3 адамнан тұратын 12 команда мен 49 жеке қатысушы бақ сынасты.


Чемпионат Пестрое көлінің маңында ұйымдастырылған. Белгі беріле салысымен қатысушылар судағы тартысты бастады. Олар ережеге сай 300 метрді жүзіп өтулері тиіс. Кейін кезек веложарыс қатысушыларына беріледі.


ВЛАДИСЛАВ РУБЛЕВ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫСЫ:

- Негізі мен өрт сөндіруші-құтқарушы болып қызмет етемін. Триатлонға алғаш рет қатысып отырмын. Үнемі қатысып көргім келетін. Бүгін міне сәті туды. Бұрын жүзумен де айналысқанмын. Оңай болмады. Мәре сызығын екінші болып өттім. Осы сәтті пайлдалана отырып тұрғындарды мерекемен құттықтағым келеді.


РОМАН ДЖАНТЛЕЕВ, ТРИАТЛОН ҚАТЫСУШЫСЫ:

- Кроссфитпен айналысамын. Бірақ триатлонға алғаш рет қатысуым. Спорттық жарыстың атмосферасы ерекше, ауа-райы да тамаша болып тұр. Енді келесі жылы да қатысқым келеді.


Веложарыс қатысушылары бағындыратын қашықтық 10 шақырымды құрайды. Бір қызығы триатлонға тек спортшылар ғана емес, құтқарушылар мен спортқа қызығушылығы бар кез-келген жан қатыса алады. Жас ерекшелігі де әртүрлі. Қатысушылардың ең жасы 16 да болса, ең үлкені 64 те. Саламатты өмір салтын дәріптеп, көппен бірге чемпионатқа қатысып жүргендердің қатарында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы да бар. Сергей Мелехов мәре сызығын алғашқылардың бірі болып өтті. 


СЕРГЕЙ МЕЛЕХОВ, СҚО ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Ең алдымен қала тұрғындарын мерекемен құттықтағым келеді. Аталған іс-шара үшінші жыл қатарынан өтіп жатыр. Биыл чемпионат ережесіне тағы бір өзгеріс енгізілді.енді жарысқа топпен қатысуға да болады. Яғни үш адам үш спорт түрінен бақ сынасады. Барлығы 85 қатысушы. Қатысушылардың көптігі, бұл спортқа деген қызығушылықтың артқанын аңғартады.


Веложарыстан кейін қатысушылар 2 жарым шақырымды құрайтын қашықтыққа жүгіруді бастап кетті. Жиналғандардың бәрі мықты. Бірінен-бірі озады. Дегенмен соңғы кезең де ұзаққа созылмады. Үздіктер мәре сызығына кезекпен келіп жатты.


ДАНИЯР ЖОЛДАСПАЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Қатысушылар жас мөлшеріне қарай бірнеше топқа бөлінген. Олар: 18-29, 30-39, 40-49, 50-59 және 60 тан асқандар. Жеңімпаздар диплом, медальдармен марапатталады. Және басқа да бағалы сыйлықтар, техникалық керек-жарақ табыс етіледі.


Өңірімізде триатлон чемпионаты дәстүрлі түрде жылда ұйымдастырылады. Ал жарыс соңында қатысушылар түрлі марапатқа ие болды.