Шал ақын ауданының орталығы Сергеевкада белгілі жазушы-журналист, қоғам қайраткері Жарасбай Сүлейменовтың 75 жылдық мерейтойына арналған «Журналистика оның тағдыры» атты дөңгелек үстел өтті. Жиында қайраткердің өмір жолы, еңбегі мен мен шығармашылығы жайлы кеңінен айтылды.
Жарасбай Қабдоллаұлы Сүлейменов әдебиет пен журналистика саласында түрлі жанрда қалам тербеп, сөз өнерінің сан саласында бақ сынады. Бүгінде қаламы қарымды қаламгердің 30ға жуық кітабы жарыққа шыққан. Зерттеу еңбектері де бір төбе. 75 тің төріне шығып отырған қаламгерге өзінің туған ауданында құрмет көрсетілді. Іс шара Шал ақынның бьюстіне гүл қоюмен басталды. Ауданның тарихи өлкетану мұражайында дөңгелек үстел өтті. Жиын барысында жазушы-журналистің әдебиет саласына қосқан зор үлесі тілге тиек етілді.
ҒАЛЫМ ЖАЙЛЫБАЙ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, АҚЫН:
- Жарасбай ағамыздың алдында 60 жылдық тойындада болғанмын. 70 жылдық тойына да келгенбіз. Жалпы мен бұл елге келіп тұрамын. Міне 75 жылдық мерейтойы болып жатыр дегеннен кейін қаламдас інісі ретінде, бауыры ретінде құттықтап қайтайық деп келіп тұрмыз. Мен ол кісімен бірге қызмет еттім бірге жүрдік. Қазақтың ғажайып ақыны Жараспай ағамызбен мен бір 30 жылдың көлемінде таныспын. Осы елдің сөзін ұстаған Осы бір Есілдің толқындары секілді сондай бір үлкен парасаттың иесі.
Жиында құрмет қошеметке бөленген Жарасбай Сүлейменов өзі туып өскен аудан жұртшылығының көрсетіп жатқан құрметіне ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.
ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВ, СҚО ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ, ЖАЗУШЫ-ЖУРНАЛИСТ:
- Уақыт деген ұшқыр ғой енді. Бізде сол 75ке келгенімізді байқамай қалыппыз. Биыл осы күнге байланысты өңірімізде түрлі шаралар ұйымдастырылып жатыр. Жақнда М.Жұмабаев ауданында болып Мағжанның ескерткішіне гүл шоқтарын қойып оқырмандарыммен кездестім. Бүгін міне өзімнің туған ауылым, ауданым Шал ақын ауданына келіп жерлестеріммен жүздесіп жатырмын. Өте қуаныштымын. Бәріде таныс адамдар, таныс жүздер. Мен қызмет барысында араласқан азаматтар жақсы тілектерін айтып, жақсы сөздерін айтып мені қанаттандырып жатыр.
Жиын соңында Шал ақын ауданының әкімі Рахат Смағұлов Жарасбай Сүлейменовке Шал ақын ауданның Құрметті азаматы төс белгісі мен куәлігін табыс етіп, иығына шапан жапты. Мерей той иесі Жарасбай Қабдоллаұлы да бұл іс-шараға құр қол келмей 5 томдық шығармалар жинаған келген қонақтар мен аудандық кітапханаға табыс етті.
Дариға Қуаныш