Солтүстік Қазақстан облысында тасқыннан зардап шеккендер үшін 775 баспана сатып алынды. Одан бөлек, жөндеуге жарамды үйлер қалыпқа келтіріліп жатыр. «Қызылжар асар» қоғамдық қоры арқылы 15 млрд теңгеден астам қаржы игерілді. Облыста 4 мыңға жуық үйді су басқан еді.


Оның жартысы жөндеуге жарамсыз деп танылды. Көпшілігі Петропавлда орналасқан. Қалалық қоғамдық комиссияның мәліметінше, баспанасыз қалған 1700-ден астам адамның өтініші қаралды. Олардың 1200-і облыс орталығынан пәтер алуға ниет білдірген. Ал 500 адам «Бірлік» шағын ауданында жаңадан салынып жатқан үйлерді алуға өтініш жазды.


Қанат Омаров, «Қызылжар Асар» қоғамдық қорының директоры:

- Комиссияларға зардап шеккендер өздерінің арызын береді. Сол арыз қаралады, сол жерде. Сол жерде өздері тапқан үйді сатушымен келісіп, сол үйді сатып алып, сол үй соларға берілед. Әкімшілік арқылы.