Петропавлдық «Қызылжар» футбол клубына жаңа шабуылшы келді. Кот-Д Ивауарлық футболшы Сенин Себаи жергілікті командамен келісімшартқа отырған. Бұл туралы «Қызылжар» футбол клубы өздерінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.


Сенин еліміздің жанкүйерлеріне «Тобол» құрамында өнер көрсеткеннен бастап жақсы таныс. Сенин Себаи Кот-Д’ Ивауар мемлекетінің азаматы. 1993 жылы 18 желтоқсан күні дүниеге келген. Тәжірибесі толысқан шабуылшы «Балтика», «Химки», «Ахмат» және «Тамбов» сынды командалардың мүшесі болған. Айта кетейік, жақында «Қызылжар» футбол клубынан грузиялық Ираклий Бугридзе шығып кеткен болатын. Ол командаға маусым басында қосылған. Осы уақыт ішінде 15 кездесуге қатысып үлгерген.