Қызылжар ауданына қарасты Большая Малышка ауылында көктемгі су тасқыны кезінде 300-ден астам үй зардап шекті. Бүгінде елді мекенде баспаналарды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жөндеу жұмыстарымен өңірге іс-сапармен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Еркебұлан Мәмбетов пен Дмитрий Колода танысып, тұрғындардың сауалдарына жауап берді.


Мәжіліс депутаттары табиғи апаттан зардап шеккен тұрғындардың үйлерінде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты. Павел Вожжов Большая Малышка ауылында 20 жылдан астам уақыт тұрады. Үйіне тасқын су 14 сәуір күні кіріпті. Мамандар баспанасын тұруға жарамды деп таныған. Қазіргі уақытта Тайынша ауданының мехбригадасы қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жөндеу жұмысын 5 млн 700 мың теңгеге бағалаған.


ПАВЕЛ ВОЖЖОВ, БОЛЬШАЯ МАЛЫШКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Үйіме сәуірдің 14-іне қараған түні түнгі сағат 12-лер шамасында су келді. Кейінен біз баспанамызды тастап көштік. Жиырма метрдей су кірді. Мамандар қайта қалпына келтіріп беріп жатыр. Жақсы жұмыс істеуде.


Большая Малышка ауылында 321 үйді су басқан. Олардың 66-сы апатты деп танылыпты.Тасқын судан зардап шеккен үйлердің 11-іне Тайынша ауданынан келген механикалық бригада жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Барлығы 40 адам мен 8 техника жұмылдырылған


ЕРМҰҚАН ТЕМІРБАЕВ, ТАЙЫНША АУДАНЫ ЯСНОПОЛЯН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

- Баспананы жөндеуге құжаттар түскен кезде біз әрқашан комиссиядан жобалық-сметалық құжаттама мен техникалық қадағалау қорытындысын аламыз. Біз олардың көшірмелерін жасап, мердігерге тексеруге береміз.


Мәжілісмендер Большая Малышка ауылындағы жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт құрылысымен де танысты. Бұрын мұнда сауда орталығы болған.Медициналық нысанның құрылысы бір ай бұрын басталған. Жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланған.


ЕРКЕБҰЛАН МӘМБЕТОВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:


Большая Малышка ауылында 900 адам тұрады. Жалпы, Қызылжар ауданында су тасқынынан барлығы 1546 үй зардап шекті. Үйлерді аралау барысында мәжіліс депутаттары тұрғындардың бірқатар сұрақтарына да жауап берді.