Петропавлда табиғи апат салдарынан зардап шеккен үйлерді жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Облысқа жұмыс сапарымен келген сенат депутаты Әсем Рахметова мен «AMANAT» партиясының өкілдері құрылыс жүріп жатқан үйлерді аралап, тұрғындармен кездесті. Механикалық бригадалар атқарып жатқан жұмыспен танысты. Былғары зауыты шағын ауданының бір бөлігіндегі іске Есіл ауданынан келген 6 механикалық бригада кіріскен. Бекітілген 101 нысанның 66-сы қайта қалпына келтіруге жарамсыз деп танылған.


Мынау тұрған баспананың иесі – Марат Ақболатов. Былғары зауыты шағын ауданының тұрғыны бұл үйдің құрлысын 2020 жылы бастап 2022 жылы аяқтаған. Араға екі жыл салып, тасқын салдарынан бар еңбегі су астында қалады. Қазір Есіл ауданының механикалық бригадасы азаматтың баспанасын қайта қалпына келтіріп жатыр. Бүгінде жөндеу жұмыстары 50 пайызға аяқталды. Ал құрылысқа қажетті құрал-жабдықты тұрғынның өзі таңдаған.


МАРАТ АҚБОЛАТОВ, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:

- Тасқыннан кейінгі үйдің жағдайы нашар болды. Есіл ауданынан келген механикалық бригада бірден жұмысқа кірісті. Ризамын! Едендерді төседік. Қабырғаларды орнаттық. Су болған заттарды кептіруге біраз уақыт кетті. Енді есіктерді ауыстырамыз. Құрал-жабдық жеткілікті.


ҚР Парламенті сенатының депутаты Әсем Рахметова мен «AMANAT» партиясының өкілдері құрылыс барысымен танысты. Жауапты механикалық бигада 7 баспананың жөндеу жұмысын аяқтаған. Ал бұл кезекті сезігінші үй. Жалпы іске 16 техника мен 40-қа жуық адам жұмылдырылған.


ӘСЕМ РАХМЕТОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

- Бұрындары бір ғана материалдық көмек 100 айлық есептік мөлшерінде берілетін болса, депуттаттық сауал жолдау кезінде біз мынау моншасы бар, жиһазы бар жаңағы электрондық техникалары бар. Соларға қаржы қаралса деген болатынбыз. Құжаттары жоқ үйлері бар. Бірақ үйлері сақтандырылмаған. Немесе құжаттары жоқ азаматтар бар. Соларға қолдау болса деп айтқан болатынбыз. Үкімет осы біздің сұраныстарымызды қамтамассыз етіп, қанағаттандырды.


Айта кеткен жөн, Есіл ауданы механикалық бригадасы жауапты 101 нысанның 31-і жөндеуге жарамды. Оның 15-ін тұрғындардың өздері қайта қалпына келтірмек. Бүгінге дейін жөндеуге жарамсыз нысанның 70 пайызға жуығы сүрілген. Нәтижесінде 13 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды.