Петропавлда механикалық бригадалар су тасқынының залалын жоюды жалғастырып жатыр. Тимирязев ауданынан келген мамандар Заречный кентінде 10 мамырдан бері жұмыс істеуп жатыр. Олар 60 тан астам баспанаға жауапты.


Тимирязев ауданының жедел штабы 61 үйге жауапты. Бұл баспаналардың 23-і апатты деп танылған. Қазігі уақытта мехбригада 10 үйді қайта қалпына келтіріп жатыр. Қалған 27 баспана иелері жөндеу жұмыстарын өздері жасауға шешім қалдаған.


ҚАНАТ ИМАНЖАНОВ, ТИМИРЯЗЕВ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Біз сонымен қатар саяжай қауымдастықтарына да көмектесіп жатырмыз. «Клинок», «Искра» саяжайларынан өте көп қоқыс шығардық. Механикалық бригада құрамында 35 адам бар. Өз техникаларымызды да алып келгенбіз. Алты самосвал мен 1 жүк тиегіш бар.


Заречный кентіндегі үйлерге мамандар демонтаж жасап, судан кептірген. Бір учаскеде 4 адам жұмыс істейді.


БАУЫРЖАН ИБРАЕВ, БАС МЕРДІГЕР:

- Қазіргі уақытта біздің бригада 1 Заречная 119/1 мекенжайында монтаждау жұмыстарын бастады. Кептіру және бөлшектеу жұмыстары жүргізілді. Еденді аяқтағаннан кейін қабырғалар сыланып, пластикалық терезелер орнатылатын болады. Сонымен қатар тұсқағаздар, линолеумдарын да жаңалап беретін боламыз.


Жұмысшылар тек баспаналарды қайта қалпына келтірумен ғана емес, кентті тасқын сумен келген қоқыстан да тазартумен айналысады.Қазіргі уақытта Тимирязев ауданының мехбригадасы 5 мың тоннандан астам қоқыс шығарып үлгерген.


Камиля Хамидуллина