СҚО-да саптық бөліністердегі полицейлердің жауынгерлік даярлығы тексерілді. Сабақтың мақсаты – жауынгерлік дайындықты арттыру, дағдарыстық жағдайларда әрекет ету дағдыларын бекіту.
Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің құрамындағы арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының қызметкерлері саптық бөліністер үшін жоспарланған сабақты сап түзеуден, құжаттар мен жауынгерлік киім-кешекті тексеруден бастады. Аталған сабаққа Петропавл қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мен жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың жауынгерлері қатысты. Бөліністердің жауынгерлік даярлығын СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Құрманғали Ысмағұлов тексерді.
Құрманғали Ысмағұлов, СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары:
- Каждый сотрудник должен знать свои функциональные обязанности. Четко задачи поставить перед личным составом и обучить; позывные должны знать, вооружение должны знать, функционал, сотовый телефон.
Полицейлердің алдында ІІО және Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақан Сыздықов, тергеу басқармасының қызметкері, шақырылған психолог сөз сөйледі. Олар қызметкерлерге күнделікті өмірде және қызметте тәртіпті мінсіз сақтау, заңнаманы жетік білу қажет екенін, құқыққа қайшы әрекеттердің жолын кесудің психологиялық аспектілерін еске салды.
- Имея почти 30 лет стажа работы в органах внутренних дел могу Вам сегодня сказать слова, как вести себя в быту, на службе, как выполнять задачи и, как беречь себя в этой обстановке.
Тәжірибелі нұсқаушылардың жетекшілік етуімен қызметкерлер күрес тәсілдерін және арнайы құралдарды қолдану тәртібін пысықтады. Мұндай сабақтар барлық саптық бөліністердің қызметкерлері үшін үнемі өткізіліп тұрады.