Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Тайынша ауданына жұмыс сапарымен барып, ауданда атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Солардың бірі қаладағы стадион. Ол жерде 310 миллион теңгеден асатын қаражатқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аймақ басшысы ауылды абаттандыру жұмыстарымен де танысты.
Тайынша ауданына жасаған сапары аясында облыс әкімі нысандарды аралады. Бұл - қаладағы стадион. Ол күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Жобаның құны 310 миллион теңгеден асады. Ағымдағы жылдың тамыз айында тапсырылуы тиіс.
- 311 млн это забор входит, трибуны, футбольное поле, беговые дорожки и 4 площадки: баскетбольное и волейбольное.
Әкім жергілікті супермаркетпен де танысты. Ол өткен жылы ашылды. Мұндағы ассортимент облыс орталығындағы сауда нүктелерінен кем түспейді. Енді екінші қабатта фитнес-клубтың таспасын қию жоспарланып отыр.
- 7 км ресайклирование, 7 км асфальта уже перекрыли. В текущем году планируем 15 км асфальта перекрыть и щебнем отсыпать. Если дополнительное финансирование будет, то они до конца завершат, до областной дороги.
Аудандық маңызға ие "Виноградовка-Ясная Поляна-Кирово" учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ұзындық 45 км құрайды. Жоба құны - 1,4 млрд теңге. Жұмыс маусым айында басталған.
- 1,8 млрд мы выделили по районным дорогам. Областные не реализуются. Подрядчики определены. Везде работы ведутся. В основном, текущий ремонт больше 120 км, восстановление. В Тайыншинском районе самая большая протяженность - 641 км только районных дорог. Поэтому принято решение, где населения меньше живет там проводим текущий ремонт. Остальные участки к крупным населённым пунктам отремонтировали.
Бұдан кейін Ғауез Нұрмұхамбетов Ясная Поляна ауылына барды. Мұнда жергілікті серіктестікте болып, жұмысымен танысты.
- Итого у нас 27 комбайнов действующих. В целом 36, но из-за того, что механизаторов нет, часть старые, поэтому 27 работают. 17 посевных комплексов, 50 тракторов, 30 грузовых.
- В этом году мы дополнительно приобрели сенокосы - 3 шт, пресс-подборщики.
Серіктестік басшысы өсімдік шаруашылығымен қатар, мал ұстайды, сүт өндірумен де айналысады. Ауылда заманауи ферма жұмыс істеп тұр.
- Она уже в статусе стельная. Она уже подтвержденная, осемененная. 135 дней стельности. 31 литр среднесуточно дает. Это для первотёлки отличный показатель. По местным до 55-60 литров самые высокие надои.
Аймақ басшысы ауылды абаттандыру жұмыстарымен де танысты. Спорттық-сауықтыру орталығында болды. Ат аялдатқан соңғы нысан - қоныстанушылардың 1936 жылғы мұражай-үйі. Жергілікті тұрғындар бұл жерді қызғыштай қорғайды және онымен мақтанады. Мұнда жиһаз, әртүрлі ас үй ыдыстары мен өзге де дүние сақталған. Тіпті, жалғыз күйтабағы қалған патефон да бар.