Петропавлдағы «Белсенді ұзақ өмір» орталығына келуші ересек адамдар таза ауада сауықтыру сабақтарына қатысып жатыр. Қартаю процесін бәсеңдету, жасқа байланысты аурулардың алдын алу және денені нығайту үшін физикалық жаттығулар маңызды болып табылады. Бұл адам тәнін ғана сергітіп қана қоймай, психоэмоционалдық жай -күйін де жақсартады.


- Бұл мен үшін өте керемет сабақ, күні бойы қуат алып сергіп жүруімізге себеп болып жатыр.

- Мұнда тыныс алу жаттығуларында жасаймыз. Мен бұл жаттығулардың арқасында денсаулығымды қалпына келтіріп, саламатты өмір салтын ұстанамын.