ҚР Парламенті Сенатының депутаты Евгений Больгерт Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында бірқатар нысанды аралап, ел тұрмысымен танысып, бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесті. Сондай-ақ, Сенат депутаты облыстық сотқа да барды.


Евгений Болгерт ҚР Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау Комитетінің хатшысы қызметін атқарады. Депутат судьялардың заңнамасын толық білгендіктен, осындай кездесулер жүйенің жетілмеген тұстарын анықтауға көмектеседі дейді.


ЕВГЕНИЙ БОЛЬГЕРТ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

- Біз бастапқыда сот жүйесіне бюджетті ұлғайту тақырыбын қолдағанбыз. Қазір Конституциялық соттарды құруға байланысты мәселелерді белсенді талқыладық. Судьялар мен мамандарды даярлау бойынша кемшіліктердің және аймақтағы ахуалға байланысты сұрақтардың бар екенін білеміз


Сенат депутаты қызметкерлерге өздерінің проблемалық мәселелерін айтуды ұсынды. Бүгінде бұл жүйеде әлеуметтік қамсыздандырудың жоқтығы өткір мәселе болып тұр.


МИХАЙЛ ГУСЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Сот төрелігін жүзеге асыру қызметкерлерсіз, мамандарсыз сапалы болады деп айта алмаймыз. Қазіргі таңда қалалық сотта соңғы екі айда 2 маман жұмыстан шықты. Бұл мәселенің себебі балаларын балабақшаларға орналастыра алмайды, медициналық көмек көрсете алмайды, тиісті тексеруден өте алмайды. Сөйтіп, басқа қалаға баруаларына тура келеді.


Сот жүйесі қызметкерлерінің саны жыл сайын азайып келеді, бірақ оларға артылатын жүк артып барады. Осы мәселе бойынша сот қызметкерлері Парламент деңгейінде бұл мәселеге назар аударуды сұрады.


Ерлан Жұмахан