Ойқала шағын ауданында тасқын салдарынан зардап шеккен үйлерді сүру жұмыстары жүріп жатыр. Айталық мұнда 1383 үй су астында қалған болатын. Ғ.Мүсірепов ауданынан келген механикалық бригада 236 нысанға жауапты.


Ойқала шағын ауданында техникалық бақылау нәтижесінде 165 үй апатты, 70 үй жөндеуге жарамды деп танылған болатын. 40 нысанның сүру жұмыстары аяқталған. Ғ.Мүсірепов ауданының механикалық бригадасы мұнда 10 мамырдан бері қызу жұмыс істеп жатыр.


ЕРЛАН АМАНЖОЛОВ, Ғ.МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- 11 үйдің жөндеу жұмыстарын бастап кеттік. Қазір үйлерді жөндеумен қатар сүру жұмыстарымен айналысып жатыр. Біздің аудан Урицкий көшесінен Дубынин көшесіне дейінгі үйлерге жауапты. Бригада құрамында 35 адам мен 10 бірлік техника бар.


Механикалық бригада 2 үйдің жұмысын аяқтап, иелеріне тапсырған. Қалған баспаналарда сметалық құжат бойынша едендер мен қабырға түсқағаздарын ауыстырып, жаңа есіктер орнатқан. Аталған үйлерді шілде айының соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.


ЕРЛАН АМАНЖОЛОВ, Ғ.МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Біз шілде айының соңына дейін барлық тоғыз үйді аяқтауды жоспарлап отырмыз. Жөндеуге келіскен үй иелерінің қуанышында шек жоқ. Негізінде, олар жұмыс барысын қарап, көмектесіп жүреді. Түсқағаздар мен еден жабынын де үй иелері таңдайды.


Айта кетсек, механикалық бригада Ойқала шағын ауданынан 5 мың тоннаға жуық қоқыс шығарған.