Облыста сәуір айынан бастап 109 баланы кене шаққан. Эпидемиолог мамандардың мәліметніше, биыл өңірде кенеден зардап шеккен тұрғындардың саны азайған. Сәуір айынан бастап 405 адам кене шақты деп шағымданған. Олардың 109-ы 14 жасқа дейінгі бала. Бұл былтырғы көрсеткішпен салысытрығанда 16 пайызға аз, былтыр осы уақытта кене шағудың 470 дерегі тіркелген еді.


Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, 2024 жылдың алты айында бір кене энцефалиті тіркелді. Кене энцефалитіне қарсы вакцинация қызметіне байланысты кене энцефалиті болуы ықтимал табиғи ошақтарда жұмыс істейтін адамдарға салынады. Солтүстік Қазақстанда бес айдың ішінде 127 адам аталмыш екпені алды. Бұл – тиісті контингенттің 85 пайызы вакцинацияланды дегенді білдіреді.