Шаншар әзіл-сықақ театры Қызылжар ауданының орталығы Бескөл ауылында тегін концерт қойды. Мақсат, табиғи апаттан зардап шеккен тұрғындардың көңіл күйін көтеру. Іс-шараға келген ауыл тұрғындарыда әртістерге өздерінің дән ризашылығын білдірді.


Сонау 1995 жылы құрылған «Шаншар» әзіл-сықақ театры осы күнге дейін ел арасында танымалдылығын жоғалтпай келе жатқан бірден бір ұжым. Бүгінде өңіріміздегі табиғи апатқа бей-жәй қарамай өңір тұрғындарына өздерінің жаңа бағдарламасын ұсынды. Театр ұжымы алдағы уақытта басқа да су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гастрольдік сапармен баруды жоспарлап отыр екен.


УӘЛИБЕК ӘБДІРАЙЫМОВ, «ШАНШАР» ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОР:


ЖҮСІП АҚШОРАЕВ, «ШАНШАР» ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСІ:


«Шаншар» әзіл-сықақ театрын білмейтін адам кемде-кем. Бүгінгі концертке келген Қызылжар ауданы тұрғындарының да қарасы қалың болды. Әзілден сусындаған көрермен әртістерге өз ришалықтарын білдірді.


Құрылғанына 30 жыл боған театр ұжымының алдағы уақытқа жоспарлары да ауқымды.