Петропавлдағы «Белсенді ұзақ өмір» орталығында қарттарға компьютерлік және мобильді сауаттылық сабақтары, құқықтық және психологиялық кеңестер, спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелер жұмыс істейді. Бүгінгі таңда мұнда 300-ге жуық зейнеткер бос уақытын тиімді өткізеді.


Орталыққа келетін зейнеткерлер саламатты өмір салтын ұстанып ғана қоймай мұнда мобильді сауаттылықты арттырумен айналысады. Осыған дейін тек батырмалы телефонды қолданған зейнеткерлер қазір сенсорлық телефонды емін-еркін қолдана алады. Сонымен қатар орталықта құқықтық сауаттылық сабақтары да өтеді.


ЕЛЕНА СКАКУНОВА, «БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

- Мобильді сауаттылықты арттыру барысында есте сақтау мен моторика дамиды. Біз сонымен қатар құқықтық сауаттылық бойынша да сабақтар өткіземіз.Себебі қазіргі таңда халық арасында неше түрлі алаяқтар бар. Мен зейнеткерлерге өз құқықтарын қалай қорғауға болатынын айтамын.