Жас Өркен шағынауданында орналасқан 16 қабатты тұрғын үйде оқу жаттығу жиыны өтті. Оған Астана қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде шыққан өрт себеп болды. Осы жағдай өңірде қайталанбас үшін құтқарушылар өрт болған кездегі іс-қимыл тәртібін пысықтады.


Жаттығу сценарийі бойынша өрт 12 қабатта шыққан. Мамандар арнайы құрылғылармен өртті сөндіріп, адамдарды эвакуациялады. СҚО авариялық-құтқару бригадалары күштері мен ПИК өкілдерінің әрекеттері де пысықталды. Оқу-жаттығуларға жеке құрамның 50-ге жуық маманы және 14 бірлік техника жұмылдырылды.


МҰСА ЖАҚСЫБАЕВ, СҚО ТЖД ӨРТ СӨНДІРУ ҚЫЗМЕТІ ЖЕДЕЛ КЕЗЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Бүгін біз 16 қабатты тұрғын үйде өртке қарсы жаттығу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бұл жерде тұрғындарды жылдам эвакуациялау және көп қабатты тұрғын үйде өрт болған кездегі іс-қимыл тәртібі пысықталатын болады. Техникалар, өрт сөндірушілер жылдам әрекет жасауы қажет. Адамдарға көмектесу үшін құтқарушылар бірнеше жолмен әрекет етеді. Арнайы техника және құрылғылармен құтқару жұмыстары жүргізіледі.