Жамбыл ауданынан келген механикалық бригадалар Былғары зауыты кентінде мамыр айынан бері жұмыс істеп келеді. Оларға 109 үй бекітілген. Оның ішінде 78 нысан сүрілетін болады.


Мамандар 13 үйге жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. 16 тұрғын баспаналарын өздері қалпына келтіруге шешім қабылдаған. Жалпы жұмысқа барлығы 35 адам және 18 бірлік техника жұмылдырылды. Айта кету керек, сонымен қатар Жамбыл ауданының мехбригадалары Былғары зауыты кентінен 13 мың тонна қоқыс шығарды.


НҰРБЕК САПАРОВ, ЖАМБЫЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: