Қызылжар ауданында үйлерді бағалау жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Жалпы бұл ауданда 1546 үй табиғи апаттан зардап шекті. Олардың 1099-ы қайта қалпына келтірілсе, 320 баспана апатты деп танылған.


Қазіргі уақытта Қызылжар ауданында баспаналары тұруға жарамсыз деп танылған 100-ден астам отбасыға жаңа үй сатып алынған. Баспаналарды бағалау жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Қазір комиссия мүшелері 1400ден астам адамға қорытынды берген.


ҚУАНДЫҚ ШАКУБАЕВ, КОМИССИЯ ТӨРАҒАСЫ:

- Комиссия тағайындаған жөндеу жұмыстарына берілетін қаржымен тұрғындар келіспей жатады. Ондай жағдайда комиссия сол үйге барып, толықтай қайтадан дефектолог мамандар бағалау жүргізеді. Қазіргі уақытта Прибрежный мен Тепличный ауылдарындағы үйлерге қорытынды беру жұмыстары қалды. Зардап шеккен адамдардың әрбір өтініші ескеріліп жатыр. Күніне 60-70-ке жуық тұрғынды қабылдаймыз.


Тасқын судан зардап шеккендердің бірі- Олег Васильев. Ол Тепличное ауылының тұрғыны. 2018 жылы 350 шаршы метрлі үш қабатты үй салған. Алайда, табиғи апат салдарынан баспанасының 80 пайызы су астында қалыпты.


ОЛЕГ ВАСИЛЬЕВ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Тасқын су менің үйімнің екінші қабатына дейін жетті. Мен комиссия отырысына осымен екінші рет келіп отырмын. Менің үйімнің жөндеу жұмыстарына 9 млн теңге беретін болды. Баспанамның 280 шаршы метрі су астында қалды. Жиһаздарымның жартысын үлгергенше үшінші қабатқа көтеріп қойып едім. Қалғандарының барлығы жарамсыз болып қалды.


Айта кетейік, жалпы Қызылжар ауданында 1546 үй табиғи апаттан зардап шекті. Олардың 320сы тұруға жарамсыз деп танылған.