Облысқа жұмыс сапарымен Сенат депутаттары Әсем Рахметова, Ләззат Қалтаева және Ольга Перепечина келді. Олар алдымен «Қамқорлық» ерте араласу орталығының жұмысымен танысты. Еске сала кетейік, аталған мекеме өз жұмысын ақпан айында ғана бастаған болатын. Аз уақыттың ішінде 100-ден астам баланы қабылдап үлгерген.

Әсел Айдарханованың алғаш ана атанғанына 3 айдан асты. Ұлы Жалғасты ерте араласу орталығына әкеліп жүргеніне екі апта болған. Баланың бұлшық еті дұрыс жетілуі үшін тұрақты түрде массаж жасалады. Жас ананың айтуынша нәтиже аз уақыттың ішінде ақ байқалған.

ӘСЕЛ АЙДАРХАНОВА, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:
- Логопед бізге массаж жасайды. Толық балаға массаж жасайды. сосын арнайы бөлмеде отырамыз. орталық өте ұнады. Массаждан кейін баламнан жақсы өзгерістер байқап жүрмін. Массажға дейін аунай алмайтын. қазір 3-ші сеанстан кейін уже талпынады.

Сенат депутаттары орталықтағы жұмыспен танысып шықты. Бүгінде «Қамқорлық» ерте араласу орталығында 8 маман жұмыс істейді. Дегенмен әлі психолог, массаж маманы, реабилитолог, дефектолог, логопед жетіспейді. Кадр тапшылығы мәселесі болғанымен, қызмет уақытылы, кезексіз көрсетілетін көрінеді. Мекеме қажетті құрал-жабдықпен толық қамтылған.

ӘСЕМ РАХМЕТОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
- Бүгінгі таңда Ләззат Молдбекқызы Республикалық сенаттағы инклюзия кеңесін басқарғаннан кейін осы мүгедектігі бар азаматтардың мәселелері, қандай жағдай жасалған. Сол мәселеге үш күн уақытымызды бөлетін боламыз. Өңірлерге шыққандағы негізгі мақсатымыз: мәселелрді толық қанды тексеру. Одан кейін барып республикалық деңгейде қайсысы қаржы бөлуді күттірмейді сол мәселелерге сараптама жасау.

«Қамқорлық» ерте араласу орталығына келушілер қатыры күн санап артып келеді. Мамандардың көмегіне тек облыс орталығынан ғана емес, аудандар мен ауыл тұрғындары да жүгінеді.