ҚажСервис ЖШС СҚОФ қызметкерлері «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясына қатысты. Жол саласының мамандары республикалық маңызы бар трассаларды тазартуға шықты. Олар жол жиектері мен жол бойындағы аумақтардан тұрмыстық қоқыстарды шығарып, шөптерден, пластикалық бөтелкелерден және қоршаған ортаны ластайтын басқа да қоқыстардан тазартты.


Жалпы тазалық акциясына облыс бойынша 200 жұмысшы мен 126 техника жұмылдырылды.


АЙША АЛЬДИКЕНОВА , "ҚАЖСЕРВИС" ЖШС СҚОФ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Қазіргі таңда мамандар республикалық маңызы бар жолдардың жиектерін қоқыстан, шөптен тазартып жатыр. Сонымен қатар біз жолдағы шұңқырларды жауып, жол белігілерін орнатамыз. Бұл біздің басты мақстамыз. Өз кезегінде біз көлік жүргізушілерін пластикалық бөтелкелерді, әртүрлі қалдықтарды жолға тастамауларын сұраймыз.