Солтүстікқазақстандық полицейлер «Жолда қабылдау» акциясын әлеуметтік желілерде тікелей эфир өткізуден бастады. Instagram желісіндегі ресми аккаунттарында өткен тікелей эфирге басқармалар мен бөлімдердің басшылары қатысты.


Жыл басынан облыста 12 мың шақырым жолды қамтыған 1215 тексеру жүргізілген. Кемшіліктерді уақытылы жоймаған бірқатар лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылДЫ.


Назар Байматов, СҚО ПД ӘПБ жол және техникалық инспекция бөлімінің бастығы:

- Қазавтожолға қатысты жыл басынан бері 3 әкімшілік хаттама жасалды, бас мердігер Қажсервис ЖШС іне қатысты жыл басынан бері 11 әкімшілік хаттама толтырылды. 


Сондай-ақ тікелей эфир барысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, көлік құралдарын тіркеу, халықтың көші-қоны, азаматтық және қызметтік қару айналымы мәселелеріне де қатысты сұрақтар қойылды. Акцияға аудандық полиция бөлімдерінің де жетекшілері қатысып жатыр. «Жолда қабылдау» акциясы сенбі күні де өткізілмек. Басшылар облыс аудандарына шығып, тұрғындармен жүздеспек. Акцияның алғашқы күнінің жартысында солтүстікқазақстандық полицейлер 47 сұраққа жауап бер