Қызылжар ауданында бір отбасы тамақтан уланып, 2 бала қайтыс болды. Үш ересек адам ауыр жағдайда медициналық мекемеге жеткізілген. Қазір бұл іске қатысты полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.


Улану фактісі Қызылжар ауданы Надежка ауылында тіркелген. Отбасы мүшелері 12-ші маусым күні түнде өздерін жайсыз сезіне бастаған. Ертеңінде 3 жастағы үйдің кенжесі дәрігелерлер келгенше көз жұмды. Ал қалған екі бала мен ата-анасы шұғыл түрде ауруханаға жеткзілген. Дегенмен кейін тағы бір баланың қайтыс болғаны белгілі болды. Отағасының айтуынша, олар кешкі асқа дүкеннен сатып алынған тұшпара мен Coca-Cola сусынын ішкен. Қазір астың сынмасы алынып, зертханалық талдау жұмыстары жүргізіліп жатыр.


АЗАТ ҚҰСАЙЫНОВ, СҚО ПД ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Қызылжар ауданында бір отбасының улану фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеу басталды. Екі бала қайтыс болып, үш ересек адам медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған факті «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның жаппай улануына және өлiмiне әкеп соққан санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.