Облыста полиция қызметкерлері бір күнде автобус жүргізушілері тарапынан жол қозғалысы ережелерін бұзудың 30 фактісін анықтады. Облыстық полиция ведомствосы баспасөз қызметінің материалына назар аударайық .


Қоғамдық көлік жолаушыларының қауіпсіздігі - полицияның ерекше назарында. Сондықтан да, 10 маусымнан бастап облыс аумағында «Автобус» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Тәртіп сақшылары автобус бағыттарында тексеру жүргізеді.


Григорий Тыш, СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары:

- Полиция департаменті көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп, көлік құралдарының техникалық жай-күйінің сәйкестігін, құқық белгілейтін құжаттардың бар-жоғын және жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуды анықтау бойынша қоғамдық көлікттер тексереді.


Жедел алдын алу іс-шарасының бірінші күнінде адамдар мен жүктерді тасымалдайтын жүргізушілер тарапынан талапты бұзудың 30 дерегі анықталды. Бұл кемшіліктер жарақатқа әкелуі мүмкін. Тәртіп бұзушылар көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


По ст. 590 ч. 5 КоАП РК за то, что вы не имеете противооткатного устройства.


Сондай-ақ, көлік басқарып келе жатып ұялы телефонды пайдалану мен маневр жасау ережелерін бұзудың 4 фактісі, жылдамдықты арттырудың бір жағдайы анықталды. Өткізілетін тексерулердің мақсаты - Солтүстік Қазақстан облысы жолдарындағы көлік тәртібін нығайту және апаттылықты азайтуға бағытталған.