2021 жылдан бері елімізде Президент Қ.Тоқаевтың тапсырмасымен «Аңсаған сәби» бағдарламасы іске қосылды. «ЭКО» бағдарламасымен квотаны 7 мыңға дейін, яғни, 7 есе көбейту міндеті қойылды.Нәтижесінде, соңғы үш жылда СҚО 194 әйел бала сүйген. Олардың 25-і егіздерді дүниеге алып келді.
2015 жылдан бері облыста 1024 отбасы бедеулік бойынша есепте тұр. Алайда, еліміздегі «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында бүгінгі күні олардың жартысынан көбі сәбилі болған. Бұл бағдарлама аясында Қазақстан бойынша 7мың квота бөлінсе, былтыр СҚО-ға оның 190-ы берілген.
ВИКТОР ПРОЦЕНКО, РЕПРОДУКТОЛОГ-ДӘРІГЕР:
- 2021 жылға дейін яғни «Аңсаған сәби» бағдарламасы болмай тұрып ел бойынша тек мың квота ғана бөлінетін. Оның тек 20-22сі ғана біздің солтүстккке берілетін. Ал президенттің тапсырмасынан кейін квота саны бірнеше есе өсті.Соңғы үш жылда облыста 308 квота игеріліп, олардың 194 көптен күтен сәбилерін бауырына басты. Әйелдердің 25-сі егіз бала туды.
«Аңсаған сәби» бала сүйгісі келетін отбасыларға үміт сыйлаған бағдарлама. Президенттік квота арқылы елімізде мыңдаған ерлі-зайыпты көптен күткен сәбиін бауырына басты. Алайда, былтырдан бастап денсаулық сақтау министрлігінің 355 бұйрығы аясында бұл бағдарламаға тек 18-49 жас аралығындағы әйелдер қатыса алады. Өкінішке орай СҚО-да тек 42 жасқа дейінгі әйелдер ғана квота ала алады.Себебі.
ВИКТОР ПРОЦЕНКО, РЕПРОДУКТОЛОГ-ДӘРІГЕР:
- Себебі СҚО әйелдердің қартаю индексі өте жоғары. Мәселен, Шымкентте бұл индекс тек 11 пайыз болса, Түркістанда 11,6 пайыз. Ал Петропавлда 56 пайыз. Бұл тым жоғары. Қартаю индексі дегеніміз мәселен 0-15 жас аралығындағы 100 балаға 56 кәрі адам келеді. Яғни, өңірде ересек әйелдер көп.
Дәрігерлердің сөзінше,облыста 18-49 жас аралығындағы 123 мың әйел бар. Олардың бір жарымыңына денсаулығына байланысты бала көтеруге болмайды екен. Дегенмен, денсаулығына қарамастан 25 әйел бала сүюді таңдаған. Олар Астана қаласындағы арнайы орталықта босанады.
ЕЛЕНА КАЛЮЖНАЯ, ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
- Өңірдегі ерте жүктілік мәселесі де біздің қатаң бақылауымызд.Негізі қыздарға 18 жастан кейін, балалы болуға кеңес береміз. Бірақ, облыста кәмелет жасқа толмағандардың арасында да жүкті болып, соңы жасанды түсікпен аяқталып жатқан жағдайларда бар. Мәселен, былтыр 8 мектеп оқушысы жасанды түсік жасатты.
Облыстық перинаталдық орталықта құрсақтағы ұрықты қорғау бөлімі жұмыс істейді. Ол жерде іштегі баланың түрлі потологиялық ауруларын ерте анықтауға бар мүмкіндік жасалған.Арнайы заманауи аппараттармен жабдықталған. Дәрігерлер де түрлі біліктілікті арттыру курстарынан өткен. Сол себепті жүктілік кезінде барлық тексерістен өтіп, дәрігердің бақылауында болу маңызды екенін ескертеді. Мәселен, былтыр 75 әйелдің талдауынан 8 хромосомалық патология анықталып, жүктілігі тоқтатылған.
ГҮЛЗИРА ҚОШТАЕВА, ҚҰРСАҚТАҒЫ ҰРЫҚТЫ ҚОРҒАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:
- Биохимический скрининг. Бұл скринингта біз ананың сары суындағы маркерлар анықталады. Ол хромосомалық потологияға тән көрсеткіштер көрсетіледі. Еег емханаларда осы хромосомаға тән әсіресе акшер гинеколог әйелдің жасына мән беруі керек. Егер жасы 37-ден асқан болса ол қауіпті кезеңге түседі. Хромосомалық ауруларға бірден-бір себеп мутация.
Айта кетейік, қазіргі уақытта облыста «Аңсаған сәби» бағдарламасына әлі 92 квота бар.