Негізгі Жаңалықтар Облыс әкімі Тайынша ауданында болды

Облыс әкімі Тайынша ауданында болды

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жұмыс сапарымен Тайынша ауданына барды. Драгомировка ауылында салынып жатқан мектептің құрылысымен танысты. 120 орынға шақталған нысан қыркүйек айында қолданысқа берілмек. Сондай-ақ, өңір басшысы Келлеровка ауылында болды.


Драгомировка ауылында салынып жатқан мектептің құрылысы мамыр айында басталған. Жоба құны - 1,2 млрд теңге. Жауапты мердігер - «Зерттеу СК» серіктестігі.


НИКОЛАЙ ВАРДА, УЧАСКЕ БАСТЫҒЫ:

- Қазіргі таңда мектептің 2-ші қабатында жұмыстар аяқталуға жақын. Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігі резервуары дайындалуда. Бір екі күнде мектептің жылу қазандығын жасайтын адамдар келеді Жалпы, жұмысқа 45 адам жұмылдырылған.


Оқушылар 3 және 4 тоқсанда балабақшада оқыған. Себебі, ауылдағы 1968 жылы салынған ескі мектеп апаттық деп танылған. Ал, салынып жатқан жаңа білім ордасы 120 орынға шақталған. 2 қабаттан тұратын нысан қыркүйек айында қолданысқа беріледі.


- Мы успеем?-будем стараться! Молодцы, если в мае зашли так быстро вы подняли. Жарайсыңдар!


Сондай-ақ, облыс әкімі Келлеровка ауылында салынып жатқан дене шынықтыру - сауықтыру кешеніне барды. Жобаны жүзеге асыруға 335 млн теңге жұмсалған. Жауапты мамандардың сөзінше, 2 қабатты нысанның құрылысы шілде айында аяқталмақ. Өңір басшысы жұмысқа адамдарды көптеп тартып, істі жылдамдатуды тапсырды.


Бөлісу