Солтүстік Қазақстан облысының аумағында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының екінші кезеңі өтіп жатыр. Осыған орай облыс жолдарында күшейтілген режимде тексеру жүргізілу үстінде.

Тәртіп сақшылары маусымның 1-нен жолда жүру ережесін бұзудың 484 дерегін анықтады, оның ішінде жылдамдықты асырудың 228 фактісі, масаң күйде көлік басқарудың 10 фактісі. Қызметкерлер ауыр салдарға әкеп соғатын апатты жағдайлар тудыратын жолда жүру ережесін өрескел бұзу фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағдарланған. Өкінішке орай, барлық жүргізушілер өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарай бермейді. Тәртіп сақшыларына оларға «Жол жүрісі туралы» Заңнама ережелерін еске салуға тура келеді. Мәселен, қызметкер өзін таныстыруға және көлік құралын тоқтату себебін түсіндіруге, жүргізушінің талабы бойынша қызметтік куәлігін, жолаушының қолына бермей көрсетуге міндетті. Басқа құжаттарды ұсыну көзделмеген. Жүргізушіге фото-бейнетүсірілім жасауға болады, бірақ қызметкердің заңды талаптарын орындауға міндетті.


Григорий Тыш, СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары:

- Жүргізушілер жүргізуші куәлігін, көлік құралын тіркеу туралы куәлікті, жол парақты, алып жүретін жүкке арналған құжатты, сондай-ақ заңнамада белгіленген өзге де құжаттарды өзімен бірге алып жүруге және қызметкердің талабы бойынша тексеруге беруге міндетті. Сондай-ақ қызметкердің рұқсатынсыз көлік құралын тастап кетпеуге; қызметкердің талабы бойынша масаң күйін куәландырудан өтуге Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген басқа да міндеттерді орындауға міндетті.