Облыста егіс науқаны аяқталуға жақын. Осылайша 3,8 млн гектарға дән сіңірілді. Оның ішінде дәнді және бұршақты дақыл - үш миллион, майлы дақыл 611 мың гектар жерге егілген.


Биыл өңір 4,5 млн гектар алқапқа дәнді дақыл егуді жоспарлаған. 106 мың тонна минералды тыңайтқыш себілді. алда тағы 256 мың тоннасы қолданылады. Шаруалар литрі 250 теңге болатын дизель отынымен қамтамасыз етілген. Көктемгі егіс науқанын мерзімінде атқару үшін 12 мыңнан астам трактор, 14 мың астық сепкіш, бір жарым мың заманауи жоғары өнімді егіс кешендері, 5 мыңнан астам жүк көлігі жұмылдырылды. Облыс аумағында 219 машина-трактор шеберханасы штаттық режимде жұмыс істеуде. Ауыл шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдау аясында 60,8 млрд теңге бөлінді. Оның 20 млрд теңгеден астамы өсімдік шаруашылығы саласын дамытуға жұмсалады.