Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен ұлттық құрылтайда «қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту мемлекеттік саясаттың басты бағыты болып» қала беретінін айтқан болатын. Осыған орай, Петропавлда күш құрылымдары саласының мамандарына арналған ілеспе аударма курсы өтті. Оған аудармамен айналысып жүрген 15-тен астам маман қатысты.
Эльмира Жетубаева- облыстық сотта Мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің бас маманы болып жұмыс істейді.Оның сөзінше, қазақ тілінің мәртебесін көтеру үшін ілеспе аударма мамандарын даярлаудың маңызы зор.
ЭЛМИРА ЖЕТУБАЕВА, БІЛІМ АЛУШЫ:
- Қазіргі уақытта бұл ең қажетті курстардың бірі деп ойлаймын. Себебі, біз аудармашылар сот процесінде, тергеу жұмыстарында жүреміз. Адамдардың сөздерін аударып, олардың бір бірін түсінусуіне ықпал жасаймыз. Осындай курстар бізге көмегін тигізеді. Сабақтардан алған білімімді жұмыс барысында қолданамын.
Ілеспе аударма- бұл аударманың ең жас саласы. Ол Еуропа мен АҚШ-та 20 ғасырдың орта шешінде пайда болған. Ал, Қазақстанға бұл сала тәуелсіздік жылдарынан кейін келген. Камал Әбілқасымқызы елдегі ең алғашқы ілеспе аудармашы атанған жандардың бірі.
КАМАЛ ӘЛПЕЙІСОВА, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ, ІЛЕСПЕ АУДАРМАШЫ:
- СҚО бұл бізде – шекаралас облыс. Қазақта іргеңді бекіт деген сөз. Ал, іргені бектіу бұл күштік тұрғыдан ғана емес, идеологиялық тұрғыдан да болады. Біздің өзіміздің аумақта тұратын халық мемлекеттік тілде еркін сөйлеп, меңгеріп, түсінуі керек. Конституция бойынша жиындар қазақ тілінде өтуі керек. Ал, жиындағы сөздер көпшілікке жақсы түсінікті болу үшін жақсы ілеспе аудармашы керек.
Айта кетейік, ілеспе аударма курсы 5 күнге созылды.