2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа салық кодексі күшіне енеді. Қазақстанда көлік салығын есептеу жүйесі өзгереді. Жаңа жүйе анағұрлым икемді әрі әлеуметтік бағытта болмақ. Ескі көліктерге жеңілдіктер қарастырылған, ал жекелеген азаматтар санаты салықтан толық босатылады. Сондай-ақ төлеу мен есеп беру тәртібі жеңілдетіліп, түсінікті болмақ.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, өзгерістер жеңіл автокөлік иелеріне де қатысты болмақ, келесі жылдан бастап салық мөлшері азаяды.

Снх: СҰҢҒАТ ҚОСПАЕВ, СҚО БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ


Көлік салығының сомасын әрбір азамат өздігінен kgd.gov.kz веб-порталы мен «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы арқылы есептей алады. Айта кету керек, әлеуметтік осал топтарға ардагерлерге, мүгедектерге, көпбалалы аналарға бір көлікке берілетін салықтан босату жеңілдігі сақталады.