«Ауыл» партиясының 25 жылдығына орай аталмыш партия мен «Қазақстан» ұлттық арнасы бірлесіп, тың жоба "Аграрлы Қазақстан" телебағдарламасын ұйымдастырған болатын. Жоба мақсаты көрермендерді әр өңіріндегі аграрлық саланың дамуы мен елді-мекендерде мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы, жалпы ауыл халқының бүгінгі тұрмыс-тіршілігінен құлағдар ету. Еліміз бойынша ұйымдастырылған «Аграрлы Қазақстан» республикалық тележобасы байқауында "Үздік бағдарлама" номинациясында «Қазақстан» РТРК» АҚ СҚОФ «Қызылжар» телеарнасы 1 орынды жеңіп алса, "Үздік оператор" номинациясында арнамыздың телеопраторы Еран Махметов топ жарып ол да жүлделі бірінші орыннан көрінді.
«Аграрлы Қазақстан» тележобасына еліміз бойынша 8 өңірдің облыстық телеарналары қатысты. Олардың әрқайсысы өз өңірлеріндегі әр ауданнан 15 минуттық бағдарламалар әзірлеп дайын материалды арнайы құрылған әділқазылар алқасының қарауына жіберген болатын. Олардың қатарында «Қызылжар» телеарнасы да бар. Тың тележоба талаптары бойынша біз де облысымыздың 13 ауданындағы атқарылып жатқан ілкімді істер, қарапайым еңбек адамы мен жалпы өңіріміздегі елді-мекендердің даму деңгейінің бүгінгі тыныс-тіршілігін баян етіп өз деңгейімізде 13 телехабар әзірлеген болатынбыз. Еңбегіміз еш кетпеді. Байқау қорытындысы бойынша "Үздік бағдарлама" номинациясында біздің арна жүлделі бірінші орынды еншілеп 1500 миллион теңгені қанжығаласа, «Үздік оператор» номинациясы бойынша да бірінші орын мен 300 мың теңге сыйақы да бізге бұйырды.
СНХ:Азамат Кеңесұлы – «Қазақстан»РТРК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары
Республикалық «Аграрлы Қазақстан» тележобасы байқауы аясында еліміздің 8 өңірінен қазылар алқасының қарауына түскен жалпы материалдар саны 61. Ал олардың әрқайсысын саралаған жюри мүшелерінің бәрі БАҚ саласының жілігін шағып майын ішкен майталмандар.
СНХ: Ұлмекен Төлеуова – ҚР мәдениет қайраткері, қазылар алқасының мүшесі
«Ауыл» партиясы мен «Қазақстан» ұлттық арнасы бірлесіп ұйымдастырған «Аграрлы Қазақстан» тележобасы біріншіден өңірлік телеарналар арасында өзара бәсекелестікті қалыптастырса, екіншіден сырттай болса да бір-бірлерімен өзара тәжіибе алмасуларына мол мүмкіндік бергені сөзссіз.
СНХ: Анас Баққожаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
Жалпы "Аграрлы Қазақстан" тележобасына ұсынылған материалдарды қазылар алқасы «Үздік монтаж», «Үздік оператор», «Үздік тележурналист», «Үздік режиссер», «Үздік бағдарлама» номинациалары бойынша бағалаған.