Петропавлда ұлттық спорт түрі жекпе-жек бойынша жарыстар өтіп жатыр. Чемпион белбеуі үшін еліміздің солтүстік өңірінен барлығы 200-ден астам спортшы өзара бақ сынасуда.
Ұлттық спорт түрінен өткен алғашқы жекпе-жектердің бірі Қостанайлық Демид Банман мен Солтүстік Қазақстан облысының атынан шыққан Назар Бейсенов арасында өтті. Кездесу тартысты өтті. Үш жылдан бері спортпен шұғылданып жүрген Демид жеңіске жетті. Оның жекпе-жек өнеріне деген қызығушылығы бала кезден басталған.
СНХ: ДЕМИД БАНМАН – ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ
Назар Бейсенов бұл жекпе-жекте жеңіліс тапқанымен, спорттағы жолын жалғастыруды көздеп отыр. Алға үлкен мақсаттар қойып, болашақта бір емес, бірнеше жеңіске жетіп, тіпті әлем чемпионы атануды армандайды.
СНХР: НАЗАР БЕЙСЕНОВ – ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ, СҚО
Жекпе-жек — ұлттық спорт түрі. Стилі жағынан ол аралас жекпе-жекке ұқсас, бірақ мұнда әртүрлі күрес түрлерінен алынған әдіс-тәсілдер қолдануға рұқсат етіледі.
СНХР: ЖАЛҒАС ТОРТУЛОВ – СҚО "ЖЕКПЕ-ЖЕК" ҰЛТТЫҚ СПОРТ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Турнирде өз күшін қыздар да сынап көрді. Жеңімпаздарға медальдар табысталса, бірінші орын иегері чемпиондық белбеуге ие болады.