29 қазан күні ақын, жазушы, ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туған күніне орай, Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби кеш өткізді. Тәртіп сақшылары қазақ әдебиетінің негізін қалаушыларының бірі Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмір жолымен және оның тарихтағы рөлімен жақынырақ танысты.

Әдеби кешке қатысушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып берді. Солардың бірі, ақпараттық саясат бөлімінің қызметкері Виктория Вьюшкина ақынның «Шәкірт ойы» атты шығармасын жүрегімен сезіне мәнерлеп, нақышына келтіріп отырып оқыды. Бейнеконференция режимінде «Байлық» өлеңін тебіреніспен оқыған - Тимирязев ауданының ПБ аға анықтаушысы Алтын Әбдірахманова ерекше құрметке ие болды. Әдеби кешке қатысып, ақын шығармашылығына құрмет көрсеткен барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталды. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларында жиырмасыншы ғасырдың басындағы халықтың тұрмыс-тіршілігі бейнеленген. Осындай іс-шаралар жеке құрамды патриоттыққа тәрбиелеуге, Заң мен Тәртіп қорғаушылары өз халқының бастан кешкен тағдырын сезінуге септігін тигізеді.