Екі өңірдің 100-ден астам кәсіпкерлерінің қатысуымен өткен «Солтүстік Қазақстан облысы – Татарстан Республикасы» атты іскерлік дөңгелек үстел барысында нақты мәселелер талқыланды. Өңірдің өндірістік әлеуетін жан-жақты зерделеу мақсатында СҚО делегациясы бірқатар кәсіпорындарды аралады.

Екі елдің бизнес өкілдерімен өткен кездесуде ірі инвестициялық жобалар талқыланды. Солтүстікқазақстандық инвестор «Радуга» компаниясы саңырауқұлақ өсіретін ферма мен компост зауытының құрылысын жүргізіп жатыр. Жобаның жалпы құны – 11 миллиард теңгеден асады.

СНХР: ДАРХАН ӘМРИН – СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ