И.Шухов атындағы кітапханада «Сиқырлы ине» көрмесі қанат жайды. Мұнда ерекше білімді қажет ететін, диагнозы бар балалардың дайындаған бұйымдары қойылған. Бүгінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың әлеуметке бейімделуіне бағытталған жобаларға ерекше көңіл бөлінуде. Солардың бірі – Петропавлдағы «Мой ребенок» қоғамдық бірлестігі.
«Мой ребенок» қоғамдық бірлестігі 2019 жылы ата-аналардың бастамасымен құрылып, ресми тіркеуден өткен. Мұнда аутизм диагнозы бар балалар тәрбиеленеді. Қазір орталықта спорттық және шығармашылық үйірмелер, тренажер залы, емдік дене шынықтыру, ұзақ мерзімді болу тобы мен оқу сыныптары жұмыс істейді. Қазіргі таңда мұнда 60-қа жуық бала тұрақты қатысып жүр.
СНХР: ТАТЬЯНА КОВАЛЁВА - "МОЙ РЕБЁНОК" ҚБ ЖЕТЕКШІСІ
Жоба аясында 4 тігін машинасы сатып алынған. Алдымен балалар қайшы мен ине қолдануды үйренді, кейін бұл дағдыларды меңгерген соң өздігінен тігін машинасында жұмыс істей бастаған. Тігін ісі – тек бұйым жасауды ғана емес, ұсақ моториканы, ойлау қабілетін дамытатын маңызды бағыт. Әр жаңа үйренген қимыл бала миындағы нейрондық байланыстарды күшейтеді, бұл олардың жалпы дамуына оң әсер етеді.
СНХР: ЕЛЕНА ВАРФОЛОМЕЕВА - ТІГІН ІСІ ПӘНІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ
Қоғамдық бірлестік мұнымен тоқтап қалмақ емес. Жоба аясында қалған қаражатқа тігін машинасына қажетті қосымша жабдықты және ұлттық бұйымдарға арналған лазерлік станок сатып алу жоспарланған. Мамандардың айтуынша, бұл балаларға жаңа мүмкіндіктер ашып, олардың бойындағы шығармашылық қабілеттерді дамытуға жол ашады.