Петропавлда қала мектептері арасында волейболдан жарыс басталды. Бұл жарыстың ерекшелігі - ойын алаңында оқушылар емес, олардың ата-аналары өнер көрсетті. Жеңіс үшін 14 команда өзара күш сынасты. Ата-аналар арасындағы мұндай жарыстар бір жағынан спорттық бәсекені арттырса, екінші жағынан мектеп қауымдастығын біріктіруге сеп болуда.
Петропавлда мектеп ата-аналары арасында ұйымдастырылған «Достық» волейбол лигасы алғаш рет қалалық деңгейде өтті. Биыл турнирге 14 мектептің ата-аналар командасы қатысты. Олар бірнеше топқа бөлініп, ойындар айналым жүйесі бойынша өткізілді. Жарыстың басты мақсаты - ата-аналар арасындағы бірлікті арттырып, саламатты өмір салтын насихаттау.
СНХ: ЗУХРА АУҒАНБАЕВА, М.ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ IT МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ
Қатысушылардың арасында Гүлайым Пономарёва да бар. Ол волейболмен жас кезінен айналысып келеді және әлі күнге дейін жаттығуын жалғастырып жүр. Бұл жарыста Гүлайым №4 орта мектептің командасы сапында өнер көрсетті.
аударма 00137
СНХ: ГҮЛАЙЫМ ПОНОМАРЁВА, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ
Анасын қолдауға оның қызы – Дарья Пономарёва да келді. Тоғызыншы сынып оқушысы үш жыл бойы волейболмен айналысып келеді.
аударма
СНХ: ДАРЬЯ ПОНОМАРЁВА
Жарыс наурыз айына дейін жалғасады. Алдағы уақытта облыстық кезең өткізу жоспарланып отыр. Оған аудандық және ауыл мектептері қатыспақ.