Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов бастаған делегация Қазанға іссапармен барды. Татарстан Республикасының Раисы Рустам Минниханов өңір басшысын қабылдап, екі өңір арасындағы сауда, өнеркәсіп және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Кездесу барысында бірқатар меморандумға қол қойылды, екі жақ өзара жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін мәлімдеді.

Аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов бастаған өңірдің ресми және іскерлік делегациясы Қазан қаласында іссапармен болды. Арнайы шақырту жолдаған Татарстан Республикасының Раисы Рустам Минниханов ат терлетіп жеткен құрметті қонақтарды жылы қарсы алды. Құшағы ашық солтүстіктегі құдайы көршіміз - сенімді серіктес. Арадағы алыс-беріс көлемі ұлғайып келеді. Негізгі көрсеткіштерге өңір жетекшісі бетпе-бет кездесу барысында тоқталды.

СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі


Ресми кездесу барысында өңірлер арасындағы өнеркәсіп, инвестиция және инновациялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды. Жоспар ауқымды. Арадағы стратегиялық байланыс, достық қарым-қатынас тараптарды бірлесе жұмыс істеуге әкелмек.

СНХ: РУСТАМ МИННИХАНОВ, Татарстан Республикасының Раисы, РФ


Келелі кездесу Солтүстік Қазақстан облысы мен Татарстан арасындағы әріптестік меморандумдарына қол қоюмен жалғасты. Маңызды құжаттар цифрландыру, инновациялар мен бизнес-серіктестік бағытын дамытуға серпін бермек.

СНХ: РУСТАМ МИННИХАНОВ, Татарстан Республикасының Раисы, РФ