Бүгін облыстың барлық деңгейдегі әкімдерінің қатысуымен практикалық курс өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жасанды интеллект технологияларын іс жүзінде қолдану тәсілдерін көрсету болды. Курс барысында ауылдық округтер үшін тиімді бола алатын жасанды интеллект құралдары таныстырылып, олардың жергілікті басқарудағы мүмкіндіктері мен нақты қолдану бағыттары көрсетілді.

Креативті орталықта өткен бұл жиын жыл сайын барлық деңгейдегі әкімдердің қатысумен өтетін форумның аясында ұйымдастырылды. Бұл іс-шара облыста жасанды интеллект технологияларын белсенді енгізу үрдісінің нақты жалғасы болып табылады. Ауылдық округтерде де осы тәжірибені енгізу басталып кетті.


СНХ: НҰРЖАН ТОҚБАЕВ, ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БАСҚАРМАСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Бұл орталықта түрлі хакатондар, семинарлар және арнайы оқыту курстары дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Қазіргі таңда платформалар көп, бірақ ауылдық округтер үшін нақты пайдалы бірнешеу ғана іріктеліп алынды.


СНХ: ДАЛАБАЙ ҚАБДУАЛИЕВ, НИКОЛАЕВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ, ЕСІЛ АУДАНЫ


Жиынға барлық аудан әкімдері жиналды. Арасында форумға алғаш рет қатысып отырғандар да, жыл сайын тұрақты түрде келетін тәжірибелі әкімдер де бар. Бұл жиын жергілікті басқарудағы тәжірибе алмасуға, жаңа цифрлық құралдар мен әдістерді көрсетуге арналған маңызды алаң болды.


СНХ:  ШЫРАЙЛЫМ ОМАРОВА, ЛЕБЯЖЬЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ, М.ЖҰМАБАЕВ АУДАНЫ

Жиын әкімдерге жасанды интеллект мүмкіндіктерін көруге және оны өз жұмыстарында қолдану жолдарын түсінуге мүмкіндік берді. Алдағы уақытта бұл бағыт ауылдық округтерде одан әрі дамытылатын болады.