Мүмкіндігі шектеулі жандардың қауіпсіздігі мен құқықтарына назар аударту мақсатында Солтүстік Қазақстан облысында арнайы акция өтті. Іс-шараны облыстық Төтенше жағдайлар департаменті алғаш рет ұйымдастырып отыр. Кездесуде ерекше қажеттілігі бар азаматтарға төтенше жағдай кезінде қалай әрекет ету керектігі түсіндіріліп, нақты ұсыныстар берілді. 

Қоғам назарын мүмкіндігі шектеулі жандардың қауіпсіздігі мен құқықтарына аудару- бүгінгі іс-шараның басты мақсаты. Солтүстік Қазақстан облысының ТЖД алғаш рет осындай кездесуді ұйымдастырып отыр. Іс-шара аясында төтенше жағдай кезінде ерекше көмекке мұқтаж азаматтардың құқықтары мен оларға берілетін мемлекеттік кепілдіктер кеңінен түсіндірілді.

СНХР: МАРИНА САМОЙЛЕНКО, СҚО ТЖД ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС МАМАНЫ


Жиынға полиция қызметкерлері де қатысып, мүгедектігі бар адамдарға арналған тұрақ орындары мен қалалық инфрақұрылымдағы қауіпсіздік жайы талқыланды. Кездесу барысында нақты ұсыныстар мен әрекет ету әдістері ұсынылды.

СНХР: АҚЖАН КӘРІМ, "АРДОС-ЖҮРЕК" МҮГЕДЕКТЕР БІРЛЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ


Іс-шара ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» республикалық бастамасы аясында өткізілуде. Мұндай кездесулер еліміздің барлық аймақтарында ұйымдастырылып, ерекше қажеттілігі бар жандардың қауіпсіздігіне ортақ жауапкершілікпен қарау қажеттігін еске салады.