Солтүстік Қазақстанда полицейлер ауа райының қолайсыздығына байланысты жол қозғалысын бақылауда ұстап отыр. Түнгі уақытта ауа температурасы нөлден төмен болып, жаңбыр мен қардың аралас жууы жол қозғалысына қауіп тудырды. Таңертеңнен бастап облыс жолдарында арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Полицейлер жүргізіліп жатқан жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Құқық қорғаушылар жүргізушілерге көктайғақта барынша сақ болуға шақырады.

СНХР: Еркегүл Жүсіпбекова – «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының жетекші маманы