1 қыркүйектен бастап өңірде «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Іс-шара басталғалы өңірде 12 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталған.
Іс-шара басталғалы бері полицейлер тұрғылықты жері бойынша түрлі есептерде тұрған 7200-ден астам адамды тексерді. Олардың ішінде — 897 шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған, 1083 мінез-құлқына ерекше талап қойылған тұлғалар бар. Бұл, әдетте, отбасылық жанжал шығаратындар мен ұсақ бұзақылық жасаған, көбіне мас күйдегі адамдар.
СНХР: Қанат Жұмабаев — Петропавл қаласы полиция басқармасының бірінші бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы
Тұрғындармен кездесу- жұмыстың маңызды бөлігі. Мұндай жиындарда петропавлдықтар көбінесе түнгі уақытта жалдамалы пәтерлерде тыныштықтың бұзылуы, аулалардағы абаттандыру, ірі қоқыстарды тастау мәселелерін көтереді. Учаскелік инспекторлар заң нормаларын түсіндіріп, шешімін табуға көмектеседі, ал егер мәселе полиция құзыретіне кірмесе — тиісті кеңес береді.
Жалпы, іс-шара басталғалы СҚО полицейлері 12 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады. Ең жиі кездесетіні – тіркеусіз тұру 2012 дерек, алкоголь заңнамасын бұзу бойынша 1753 дерек тіркелген. Сондай-ақ 437 отбасы бұзақысы, 185 ата-ана тәрбие жөніндегі міндетін орындамағаны үшін және 133 адам ортақ аумақты ластағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. «Учaске» іс-шарасы 1 желтоқсанға дейін жалғасады.