Солтүстік Қазақстан облысының таланттары Татарстан Республикасы Қазан қаласында мәдениет күндерін өткізді. Ақан Сері атындағы филармония «Мағжан елінен – Қазан төріне» атты гала-концерт ұсынды. «Sensitiv» би театры Абай шығармашылығын сахналады. Іс-шара «Атамекен» әнімен аяқталып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Өткен аптада теріскей таланттары да Татарстанда болды. Қазанда Солтүстік Қазақстан облысының мәдениет күндері өтті. Ауқымды шара аясында көпшілік «Мағжан Жұмабаев», «Ботай - Ұлы дала мәдениеті», «Литературный небосклон Казахстана» атты көрмелерді тамашалады.
Татарстанға Ақан Сері атындағы облыстық филармонияның шығармашылық ұжымы да барды. Олар «Мағжан елінен - Қазан төріне» атты гала-концерт апарды. Сахнада ұлттық болмыс, мол мұрамыз бен креатив көрініс тапты. Мысалы, атақты «Sensitiv» би театрының мүшелері іс-қимылдарымен Абайды танытты.
Талай дүлдүл туған өңіріміз - таланттар мекен. Мұны татар халқы білді. Қонақжай бауырлар ризашылықтарын білдірді.
СНХ: ЛЕНАР ХАКИМЗЯНОВ, Татарстан Республикасы мәдениет министрінің орынбасары, РФ