Солтүстік Қазақстанда полицейлер Петропавл қаласындағы мектептердің бірінде «Қауіпсіздікке жарқын қадам» жобасын аяқтады. Жобаның мақсаты – оқушылардың жолдағы қауіпсіздігін арттыру.


Петропавлда 1–8-сынып оқушыларының барлығы дерлік киімдеріне жарық шағылыстырғыш фликерлер тағып жүрген мектеп бар. «Қауіпсіздікке жарқын қадам» жобасы полицейлердің бастамасымен іске қосылған. Олардың ұсынысымен мектеп белсенділері ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, күзгі демалыстан кейінгі алғашқы оқу күнінде балалар сырт киімдеріне фликер таспаларын жапсырып шықты.

СНХР: Диана Қабиева — 1-ші «А» сынып оқушысының анасы


Мектеп ауласында ұйымдастырылған үлгілік дефиле жарық шамдарының астында балалардың алыстан анық көрінетінін көрсетті. Енді оларды жүргізушілер таңертең де, екінші ауысымнан кейін де оңай байқай алады. Ата-аналар тәртіп сақшыларының бастамасын қуана қолдады.

СНХР: Серік Әлжанов – СҚО полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы


Жыл басынан бері облыс жолдарында 100-ден астам бала зардап шеккен, олардың шамамен әр төртіншісі – жаяу жүргінші. Жарық шағылыстырғыш элементтер – жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттырудың ең қарапайым әрі қолжетімді тәсілі. Оқушылардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы аясында жүргізілуде.