Солтүстік Қазақстан облысының ресми және іскерлік делегациясы Татарстан Республикасының Қазан қаласына іссапары барысында Татарстанның инвестициялық даму агенттігінде болып,ұйымның инвестиция тарту және кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы жұмысымен танысты.
Іссапар барысында ерекше назар бизнес-бастамалар мен бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға аударылды. Солтүстікқазақстандық делегация Татарстанның инвестициялық даму агенттігінде болды. Бұл агенттік – инвестиция тарту және кәсіпкерлікті қолдау ісінде табысты тәжірибеге ие ұйым ретінде танылған.
СНХР: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Бұл сапар түрлі салаларда тәжірибе алмасуға және өзара ынтымақтастықтың болашағын талқылауға мүмкіндік берді.
СНХР: ТАЛИЯ МИНУЛЛИНА ТАТАРСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ДАМУ АГЕНТТІГІНІҢ БАСШЫСЫ
Негізгі салалардың тұрақты өсімі мен өңірдің инвестициялық әлеуетінің артуы жағдайында 2025 жылдың қаңтар–тамыз айларының қорытындысы бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері оң динамиканы көрсетіп отыр. Соңғы үш жылда өңірге 2,5 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылған.
СНХ: ҚАНАТ ДҮЗЕЛБАЕВ – СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Кәсіпкерлер қауымдастығының кездесуінде жергілікті өнімдерді «Қазан» агропроөнеркәсіптік паркіне жеткізу жөнінде келісімдерге қол қойылды. Бұл шаралар экономикалық байланыстарды нығайтып, өңіріміздің брендтерін халықаралық нарыққа шығаруға ықпал етеді.
Одан бөлек бірнеше маңызды құжаттарға қол қойылды:
-СҚО әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы мен Татарстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасы арасындағы келісім;
-Татарстан Республикасының Мәдениет министрлігі мен СҚО әкімдігінің Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы арасында;
-«Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы мен «Химград» акционерлік қоғамы арасындағы келісім;
-EMC Agro компаниясы мен «Таврос» КТ арасында;
-«Авагро» ЖШС мен «Гидроторг» ЖШҚ арасындағы келісім;
-Инвесторларға қызмет көрсету және инновацияларды қолдау орталығы мен «Данафлекс-НАНО» ЖШҚ арасындағы келісім;
-«Радуга» ЖШС мен «Болашақ» ЖШҚ арасындағы келісім.
Тараптар бұл кездесудің екі өңірдің іскер және өнеркәсіптік байланыстарын одан әрі нығайтуға зор мүмкіндік беретінін атап өтті.