Негізгі Жаңалықтар Қараша айында ауа райы қандай болмақ

Қараша айында ауа райы қандай болмақ

Қазгидромет республикалық мемлекеттік кәсіпорнының облыстық филиалы қараша айына арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, күздің соңғы айында орташа айлық температурасы -4-8 градус аралығында болады деп күтіледі.


Бірінші онкүндіктің бірінші жартысында ауа температурасы күндіз -5-10 градус аязды көрсетсе, түнде -10-15 градус болады. Онкүндіктің соңында ауа температурасы күндіз -2-7, түнде -15-20 градусқа дейін төмендейді. Екінші онкүндікте ауа температурасы күндіз -6-11 градус, түнде -9-14 градус болады. Жауын-шашынның айлық мөлшері нормадан жоғары болады деп болжанады. Ай бойы, көктайғақ, жауын-шашын, жел соғады деп күтіледі. Кей күндері сырғыма жүруі ықтимал.

СНХ: ГҮЛЗАТ ҒАЗИЗОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК СҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ



Бөлісу