Өңірге жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер - министрі Олжас Бектенов Ойқала ықшам ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездесті. Баспаналарды қайта қалпына келтіру жұмыстарының барысын көрді. Жалпы тасқын кезінде Петропавлда екі мыңнан астам үй су астында қалған еді.


Петропавлда 2176 үй су астында қалса, соның 1458-і тұруға жарамсыз деп танылған.Ал зақымданған 718 үй қайта қалпына келтірілетін болады. Тасқыннан зардап шеккендердің бірі Ойқала ықшам ауданының тұрғыны – Людмила Жалдак. Баспанасына техникалық бағалау жүргізіліп, қажетті соммада бөлінген. Людмила үйіне жөндеу жұмыстарын өзі жүргізіп жатыр екен.


ЛЮДМИЛА ЖАЛДАК, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:

- Үйімде екі аптаға жуық су тұрды. Қазір қайта қалпына келтіріп жатырмыз. Алдымен үйді судан кептіріп алдық. Енді жөндеуге кірістік. Біз өзіміз қайта қалпына келтіретін болғандықтан мемлекет тарапынан 9,2 млн теңге қаржы берілді. Едендерді толығымен жаңартып, енді сылап жатырмыз.


Петропавлдағы барлық тұрғын үйлерге техникалық бағалау жұмыстары жүргізілген. Қазіргі уақытта 255 баспана қайта қалпына келтіріліп жатыр.


ҚАНАТ ДҮЗЕЛБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Қалада аудандардан келген арнайы 58 мехбригада жұмыс істеп жатыр. Олардың құрамында 7 адамнан бар. Жұмысшылар тек жөндеу жұмыстарымен ғана айналыспай, қаланы қоқыстан да тазартып жатыр. Қазіргі уақытта облыс орталығынан 10 мың тоннаға жуық қоыс полигонға шығарылды.


- А где люди сами восстанавливает свои дома. Вы им помогаете вывозом мусора ?

- Обязательно. Мы не смотрим всем помогаем.


Кейін үкімет басшысы Ойқала ықшам ауданында тасқыннан зардап шеккендердің бірі Анатолий Плешаковтың үйіне барды. Оның баспанасын бағалаушылар тұруға жарамды деп таныған. Қазіргі уақытта Ғ.Мүсірепов ауданынан келген мехбригада мұнда жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қажетті қаражат бөлінген.


АНАТОЛИЙ ПЛЕШАКОВ, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ

- Жанымыздағы көрші тұрған үйді тұруға жарамсыз деп таныды.Біздің баспана қайта қалпына келтіпріліп жатыр. Ауа-райыда қолайсыз болған соң үйді кептіру қиынға соқты. Мемлекет тарапынан қажетті көмектің барлығын алдық.


Су тасқыны салдарын жою және жүргізіліп жатқан іс-шараларды талдау аясында Премьер-Министр Олжас Бектеновке Петропавлда резервтік сумен жабдықтау көзін салу жоспары туралы да баяндалды. Жобалық қуаты сағатына 100 мың м болатын техникалық құрылысты сорғы стансасының орнында салу көзделген. Үкімет басшысы мұндай апатты жағдайдың қайталануына жол берілмейтінін атап өтіп, СҚО әкімдігіне Қаржы министрлігімен бірлесіп жобаны іске асыруға қаражат бөлу мәселесін пысықтауды тапсырды.