Петропавлда тасқынннан бүлінген баспаналарды жөндеуге 800-ден астам құрылысшы жұмылдырылды. Электрик, ағаш ұсталары, сылақшы, сырлаушылар бүгінде қызу іске кірісті. Жұмысшыларға зақым келген баспаналарды тезарада қалпына келтіру міндеті қойылған. Тілші толықтырсын.


- Штукатурка жасап жатырмыз, стена кішкене бұзылған болған. Қазір енді жөндеп жатырмыз, кейін обои жабыстырамыз.


13 ауданнан келген бригадалар қалыпқа келтіру жұмыстарын ҚОЛҒА АЛҒАН. Ал үйлерін өздері жөндегісі келген азаматтарға жобалық-сметалық құжаттарға сай құрылыс материалдары беріледі. Мәселен, Былғары зауыты шағын ауданында 103 үйдің 66-сы тұруға жарамсыз деп танылған.


Сергей Ковалев, Петропавл тұрғыны:

- Мен құрылыс материалдарын сатып алуға бірге бардым. Үйімді Есіл ауданынан келген арнайы бригада жөндеп береді. Маған солай тиімді. Өзім құрылысшымын, бәрін қадағалап, басы-қасында жүрмін. Жігіттердің жұмысы көңілімнен шықты.


Тасқыннан кейін облыс орталығынан 3 мың тонна қоқыс шығарылды. Сенбіліктер әлі де жалғасады. Үйлерді бағалау жұмысы аяқталды. Әкімдік өкілдерінің айтуынша қорытындысы жақын күндері жарияланады. Облыс бойынша 4 мыңға жуық үйді су басты. Оның басым бөлігі Петропавл қаласында орналасқан.


Ержан Мұстафин, Есіл ауданы әкімінің орынбасары:

- Осы үйде смета бойынша 1 млн 8 мың теңге шықты. Бір үйге график бойынша 10 күндей уақыт керек, монтаж жасау үшін. Кәсіби құрылысшылар - осында жұмыс істеп жатқан жігіттер. Оның ішінде штукатурлар бар, электрик бар, малярлар, плотниктар бар.