Петропавл 2-Жылу электр орталығында жылыту маусымына дайындық бойынша кеңес өтті. Жиынға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысып, атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтады. Бейнематериалға назар аударайық.


2024 жылы электр желілерін қайта жаңарту және жабдықтарды ішінара ауыстыру үшін электриктер 2,8 млрд.теңгеден астам қаржы жұмсауды жоспарлап отыр. Су тасқыны кезінде 500-ден атсам электр бағаналары қирап, 54,1 км электр желісі істен шыққан. Жалпы зардап көлемі 2,7 млрд.теңге.


АЛЕКСАНДР ЧЕКУЛАЕВ, «СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЭЛЕКТРЖЕЛІСТІК ТАРАТУ КОМПАНИЯСЫ» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫ:

- Қазіргі таңда «Солтүстік Қазақстан электржелістік тарату компаниясы» АҚ тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз етуге, электрмен жабдықтау схемаларын қалпына келтіруге 565 млн.теңгеден аса қаражат бөлді. Қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарын 15 қарашаға дейін аяқтау жоспарлануда.


Өңірдегі жылу желілерінің тозу деңгейі 77,5 пайызды құрайды. Оның ішінде магистральдық желілер 82,7 пайызға, тарату желілері 68 пайызға тозған. Осы орайда «Петропавл жылу желілері» ЖШС ағымдағы жылда инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруға 856 млн,теңге бөлді.


ВИТАЛИЙ ХОЛОША, «ПЕТРОПАВЛ ЖЫЛУ ЖЕЛІЛЕРІ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ М.А.:

- Электриктер Сәтпаев көшесі бойы нөмірі 3 жылыу магистралінің қалған 0,3 км қайта жаңартуды ақтауды жоспарлап отыр. Магистралдің 1,2 км учаскісіндегі жұмыстар аяқталды. Ружейников көшесі бойы нөмірі 6 жылу магистралін қайта жаңарту осы жылы басталады. Компания 0,4 км құбырды ауыстыруды жоспарлауда. Тағы 1,3 км-ді 2026 жылға дейін ауыстырады. 2024 жылы нөмірі 1 сорғы жабдығының ғимаратын күрделі жөндеу аяқталады, сорғы жабдығы үшін іргетастар орнатылады, жаңа сорғылар орнатылады.


Жиын барысында «Севказэнерго» АҚ бас директоры Петропавл 2 жылыту электр орталығы 2024-2025 жылу маусымына екі түтін құбырымен жұмыс жасайтынын айтты. Ал үшінші құлап түскен құбыр бойынша жөндеу жұмыстары басталмақ.


АНАТОЛИЙ КАЗАНОВСКИЙ, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫ:

- 2024 жылдың 20 маусым мен 5 шілде аралығында нөмірі екінші түтін құбырын тексеру жұмыстары жоспарланған. Тексеріс қорытындысына сәйкес бұзушылықтар анықталса,тиісті жұмыстар жасалынады. Ал бәрі дұрыс болса құбыр жұмыс жасай береді.


Жиын барысында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов аталған компаниялардағы бос жұмыс орындарын толтыру мәселесін көтерді. Ол үшін жұмысшылардың жалақысын көтеру керек дейді. Осы орайда жұмыс жасауды тапсырды.


ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СҚО ӘКІМІ:

- Қазір екі жүз мың теңгеге ешкім жұмысқа бармайтыны түсінікті. Сондықтан бұл компанияларда бос жұмыс орындар саны 200-ден асады. Осы салада жалақы 350-400 мың теңге. Электр тарату компаниясында екі жүз мың , қырық мыңға көтерсек те бұл да шектеу емес. Жанат Габбасович бұл басқарманың, министірлікпен жұмыстың төмендігі, кәсіпорындарды қорғау бойынша жұмыстың әлсіздігі деп түсінемін.


Жиын соңында облыс басшысы Петропавл 2 жылыту электр орталығының жөндеу жұмыстарымен танысып, атқарылатын жұмыстардың уақытылы әрі сапалы болуын бақылауда ұстауды тапсырды.