Қазақтың көрнекті ағартушы ғалымы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойына орай «Соңғы үкім» фильмі жарыққа шықты. 23 мамырдан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында толықметражды көркем фильмі көрсетіліп жатыр. 2 сағатқа созылған туындыда Ахмет Байтұрсыновтың қасіретті тағдыры бейнеленеді.


Фильмге Ұлт ұстазының күреске толы тағдыры, оның ұлт үшін атқарған еңбегі, Алаш зиялыларының батылдығы негіз болған. Кинотуынды Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырмасымен түсірілді. Басты рөлдерді Азамат Сатыбалды, Дарья Александрова сомдаған. Режиссері Ерген Тоқмырзин. Петропавлдағы кинотеатрлардың бірінде көрермен жаңа фильмді тамашалай алды.


ЖАМБЫЛ ТАСЕМЕНОВ, СҚО ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ:

- Ахмет Байтұрсынұлы жайлы кино көріп шықтық. Өте ұнады. Бұл болашақ жеткіншектерге сабақ. Әрі тарихты білу керек өте жақсы істелген. Сол азаматтар ел үшін Қазақстан үшін жанын пида қылған азщаматтар.Болашақ жастар еліміздің болашағын істесін деп ұмытпасын деп істеген сондықтан өте рахмет көп.


ДИАС АЯҒАН, КӨРЕРМЕН:

- Бүгін Ахмет Байтұрсынұлының өміріне арналған тамаша бір туындының көсетілімінен шықтық. Көрсетілімде әрине аға буынның өзіміз сияқты жастардың болғаны қуантады. Десе де әлі де біздің Қызылжарлық көрерменнің осындай тарихи, ұлтымыздың өткенінен сыр шертетін дүниелерге көбірек келіп, көбірек қызығып, қолдау білдіргенін қалар едік әрине. Жалпы мынау Алаш тарихының ұраны ол ұлтты ояту. Надандықтан, ескіліктен арылту болды. Ахмет Байтұрсынұлының өзі айтып кетеді. Талауда малың, Қамауда жаның Аш көзіңді оянып,Кешегі Міржақып Дулатұлы да оян қазақ деп ұран салған. Жалпы тұтас мынау Алаштың ортақ мүддесі. Қазақ баласына теңдік әперу, қазақ баласының қолын ғылым білімге өркениетке жеткізу.Соның бәрін бүгінгі фильмде көргендей болдық.