Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов тұрғындардың жеке қабылдауын өткізді. Кездесуге келгендер түрлі мәселені көтерді. Өңір басшысы шешу жолдарын айтып, тиісті ведомостваларға тапсырма берді. Тілші толықтырсын.


Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Өңір басшысы әуелі "Мәңгілік" би ансамблінің көркемдік жетекшісі Михаил Лахтиннің мәселесіне құлақ түрді. Азаматтың би тобы бір емес екі халықаралық фестивальге шақырту алған. Алайда, қаржы мәселесі оларға тоқтау салып тұр.


МИХАИЛ ЛАХТИН, "МӘҢГІЛІК" БИ АНСАМБЛІНІҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ:

- Шілде мен тамыздың 20-сы күндеріне Түркия мен Болгарияда өтетін фестивальге шақырту алдық. Біз үшін бұл елдерге жету үлкен мәселе болып отыр. Су тасқыны кезінде филармония уақытша жабылды. Концерттік іс-шаралар тоқтатылды. Салдарынан қаржы мәселесі бар. Мәдениет басқармасына бардым, бірақ олар бюджеттен мұндай қаражат бөле алмаймыз деді.


Ансамбльдің бір сапарының шығыны 6 млн теңге шамасында. Түркияға «Мәңгілік» құрамында 18 адам, ал Болгарияға 16 әртіс баруы керек екен.


ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Сіз әуелі бірінші сапар жөнінде нақтылап алыңыз. Біз үшін жыл қиынға соқты. Қаржыны үнемдеу арқылы сіздерге қолдау көрсетуге тырысамыз. Екінші сапар бойынша өзіңіз спонсорлық көмек тауып жатсаңыз, құптарлық жағдай.


Облыс әкіміне өз мәселесімен қала тұрғыны Татьяна Резинкина да жолықты. Нәзікжанды Интернационал көшесі, 35 мекенжайы бойынша тұрады. 5 қабатты баспананың астыңғы жағын кәсіпкерлер сатып алып, өз нысандарын ашқан. Оның салдарын біз көріп жатырмыз дейді.


ТАТЬЯНА РЕЗИНКИНА, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:

Біздің үй ескі, 60-шы жылдары салынған. Төменгі қабатта бір дәмхана ашылып, мазамыз қашты. Өздерінде жөндеу жұмысын жүргізгенде 2 рет жарық өшіп қалды. Мен щитовой арқылы қайта қоспайтынымды айттым. Дәмхана өкілдері оның құлпын бұзып тастады. Мен бұл туралы полицияға арыз жаздым, жазылған арыз со күйінде қалды. Субъект атауы мен бағытын өзгертсе де ішінде әлі де тамақ пісіреді.


Бұл жайтқа қатысты облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының басшысы Владимир Лукин түсініктеме берді.


ВЛАДИСЛАВ ЛУКИН, СҚО МЕМЛЕКЕТТІК СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ЛИЦЕНЗИЯЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- 2023 жылы тексеріс жүргізіп, нысан иелеріне жұмысты тоқтату туралы айттық. Олар бұл талапты орындаған жоқ. Біз сотқа жүгініп едік, одан да түк шыққан жоқ. Нұсқаманы орындау жөніндегі талап-арызды біз емес, құқығы бұзылған азаматтар беруі керек екен. Біз айыппұл салумен шектелдік.


Бұйымтаймен келген нәзікжандыға аймақ басшысы да осы жайында айтты және үй тұрғындары көмексіз қалмайды деді.


ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

- Даю поручение ГАСКу, городу в случае подачи вашего заявления или подачи его другими жильцами, понимая ситуацию по данному вопросу, представлять третью сторону, доказывать в суде защиту вашей стороны.