Петропавлда «Таза бейсенбі» акциясы өтті. Қолдарына сыпырғыш пен тырнауыш ұстаған 1000-нан астам адам қаланы тазалауға шықты. Олардың қатарында облыс орталығындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері, және белсенді қала тұрғындары бар. Іс шараға қатысушылар Петропавл көшелерін қоқыс пен жапырақтардан тазартып, жаяу жүргіншілер жолы мен жасанды көгалдарды ретке келтірді.


МИЛАНА ТИМАКОВА, ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

- Бүгін біз таза бейсенбі акциясына қатыстық. Интернацияонал көшесін қоқыстан тазартып жатырмыз. Күн жылынғалы мен екінші рет осындай тазалық іс-шарасына қатысып тұрмын. Қоршаған ортамызды, қаламызда тазалықта ұстау өте маңызды. Петропавлдың көркейуіне де біз осылай өз үлесімізді қоса аламыз.